Кітапханалар техникамен толық жабдықталады

Кітапханалар техникамен толық жабдықталады

Бұл тұрғыда қостанайлықтар жергілікті халыққа арналған  мәдени-демалыс қызметтерінің сапасына мән беріп отыр. Идеология саласының өкілдері, әсіресе, тұрғындардың рухани дүниесін байтуға баса назар аудару керектігін айтады.

«Қазір халықтың елу пайыздан астамы кітап оқуға ден қоя бастады. Оны сауалнама қортындысы бойынша халықтың пікірі мен негізгі көрсеткіштердің, саладағы жетістіктердің динамикасы айқындап беріп отыр. Осыған орай кітапханадағы жайлы атмосфера келушілерді тартып, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға жұмыс істеген тиімді», – деді бұл туралы Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мәжит Шүленов.

Осыған сай оқырмандар үшін қолайлы жағдай жасалып та жатыр. Алдыңғы жылы  қала бюджеті есебінен  Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапхана жөнделді. Халықтың аз қозғалатын топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету шеңберінде 3 кітапхананы реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Строительный», «Станционный»,  «Южный» бөлімшелері ағымдағы жөндеуден өтті.

«Жөндеу жұмыстары барысында мердігерлерден оқырмандар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талап етіледі.  Бірінші кезекте нысанның барлық инженерлік желілері, өртке қарсы қауіпсіздік жүйесі ауыстырылады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ғимараттардың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Оқырмандарға қолайлы  коворкинг аймақтары, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жабдықталатын болады. Бұл жердегі басты назар аударатыны, кітапхана кеңістігін аймақтарға бөлу жұмыстары», – деп атап өтті Мәжит Шүленов.

 Мәселен, жөндеуден өткен балалар кітапханасын алайық. Онда  қосымша 45 орындық акт залы, оқуға ыңғайлы аймақтар, ең кішкентай оқырмандар  үшін жас суретшілер мен кәсіби шеберлердің көрмелерін өткізуге арналған экспозициялық зал ашылды.  Қостанай-2 шағын ауданындағы  «Станционный»  кітапханасында  фойедегі артық орындардың  есебінен  пайдаланушыларға қолайлы  орындар ұлғайтылды. Мұның бәрі кітапханалардың қызмет аясының  кеңеюіне ықпалын тигізіп отыр.

Осы тұста айта кетелік, қазіргі уақытта кітапханаларды жаңғыртуға  цифрлық қызметтердің сапасын арттырудың маңызды болып тұр.  Өкінішке орай, кітапханалардағы компьютерлердің шамамен 50% – ның тозығы жетті. Бұл заманауи талаптарға сай жұмыс істеуге кедергі келтіріп отырғаны түсінікті. Әкімнің орынбасары былтырғы  үнемделген қаражатың есебінен  әзірге 11 компьютер сатып алынғанын айтады. Биыл тағы да 30 компьютер мен 3 ноутбук сатып алу жоспарлануда. Осылайша, кітапханаларда компьютерлік техника толығымен жаңартылмақ.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суретке түсірген Балауса Жүніс

Жаңалықтармен бөлісу