Кітап оқып, жеңімпаз атанған оқырман қауымды марапаттау сәтіне куә болыңыздар!

Кітап оқып, жеңімпаз атанған оқырман қауымды марапаттау сәтіне куә болыңыздар!

Ертең «#Оқы Және Жең»  онлайн байқауының қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау салтанатты іс-шарасы өтеді. Байқау қазақ және орыстілдерінде үшж ас санаты бойынша өткізілген еді.

Қорытынды күні әр санаттағы жеңімпаздар дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ үздік шыққандарға Білім басқармасы тарапынан балалар демалыс лагерьлері мен шипажайларға жолдамалар, Мәдениет басқармасы атынан театрларға жыл бойына жарамды билеттер беріледі. Барлық санаттағы жеңімпаздар саны 36 адам.

Байқауды өткізуге және жүлделерге қажетті қаражат облыстық бюджеттен бөлінді, сондай-ақ «Қазақ күресі» федерациясы, «Тобыл-Торғай тарландары» ҚБ және «Зерделі» оқыту орталығы, т.б демеушілер тартылды.

«#ОқыЖәнеЖең» облыстың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналды.Жоба облыс тұрғындары арасында кітап оқушылардың арттыруға, кітаппен кітап оқуды насихаттауға бағытталған. Байқауға қалың оқырман, әсіресе, тәрбиешілер, кітапханашылар, мұғалімдер, мектеп оқушылары мен студент жастар белсенді қатысты.

«#ОқыЖәнеЖең» байқауы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқитын ұлт жайлы тапсырмасының нақты жүзеге асқанының көрінісі.  Көпшілік қолдауына ие болған жоба алдағы жылы да жалғасын табады.

Марапаттау кеші 2024 жылдың 20желтоқсанында сағат 15:00-де «IQostany» оқушылар сарайында өтеді.

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу