Кішкентай қыздың арманы орындалды

Кішкентай қыздың арманы орындалды

Күні кеше ғана Рудный қаласының мерейтойы дүбірлеп өткен болатын. Сол кештің хедлайнерлері қатарында BayanSulu, Roza Zargerli және Haddaway бар.

Әсіресе BayanSulu-ды көруге, әнін тыңдауға келген кішкентай қыздардың қатары көп болды. Солардың бірі 4 жасар Медина. Ақ плакатқа әншінің суретін қойып, ұран сөзін жазып та келіпті.

«Қызым BayanSulu келеді дегенді естіп, қатты қуанды. Әнерін сүйіп, тыңдап, биін де қайталап билейді. Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшамыз бар. Отбасылық бейнежазбалар түсіріп, салып отырамыз. Сол парақшаға әншіні күтудеміз деген сипатта бейнежазба да жариялап қойдық. Еңбектеніп дайындалғанымыз зая кетпеді. Яғни, BayanSulu әнін айтып, сахнадан төмен түскен соң кездесудің орайы келді. Қызымды көріп, өзі бұрылып жақындады. Фотоға түстік. Бастысы қызым қуанышты», – дейді Мединаның анасы.

Сералы МЫРЗАБАЙ