Жуырда Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңінде Қостанай Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Мирас Жылқыбаев 1-орынды иеленді.
Астана халықаралық университеті В003 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру тобы бойынша университеттің грантын ұтып алды.
Бұл жеңіс облысымызға ортақ жеңіс болды.
Ағылшын тілінен қатысып, жеңіске жету жолында өзіне таудай талап қоя білген Мирас «Көп тіл білу – заман талабы» екенін көрсетті. Республикалық олимпиада барысында қазақ, орыс тілдерімен қатар ағылшын тілін де жетік меңгергендігін дәлелдеді.
«Мирас ізденімпаз, кез келген талапқа жауапкершілікпен қарайтын оқушы», – дейді
ағылшын тілінен сабақ беретін ұстазы Толғанай Досанова.Гүләлем Есқалиева,
Жамбыл жалпы білім
беру мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Қостанай ауданы