1999 жылдан бері мемлекеттің қорғауында болған ақбөкендерді атуға жарияланған мораторий келесі жылдан бастап алынып тасталуы мүмкін.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қазіргі уақытта саны 2 миллионға жеткен киік шаруалардың жайылым және шабындық жерлеріне зиян келтіріп, өздерін шығынға батырып жатқанын айтып, дабыл қақты. Бүгінде елімізде 1 млн 195 мыңнан астам киік есепте. Облыс шаруаларының айтуынша, “дала еркесі” атанған жануарлар егінді таптап, салдарынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері орасан зор шығынға ұшыраған. Яғни, бидай, арпа, сұлы, мақсары, бұршақ өнімділігі көп – көрім төмендеді дейді олар. Бұл, әрине, дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдердің тапшылығына әкелуі бек-мүмкін.
–Инспек” ЖШС Бас директоры Юрий Заикин де фермерлер ақбөкеннің келтірген зияны үшін өтемақы алуы керек деп отыр. “Жыламаған балаға емшек бермейді” деген сөз бар. Біз мемлекеттің баласымыз. Біз қазірдің өзінде жанұшыра дабыл қағып жатырмыз. Бірақ, жанайғайымызды ешкім естір емес, – дейді шаруашылық басшысы. – Ақбөкенді егістік алқаптарынан шығару үшін фермерлерге ату құқығы берілуі керек. Егер біз оны ататын болсақ, киіктер үркіп егінге жоламас еді.
Қазір бұл мәселе жан-жақты пысықталып жатыр.
Әлібек ЫБЫРАЙ