Кеншілер қаласындағы Наурыз мерекесі 

Кеншілер қаласындағы Наурыз мерекесі 

Рудный қаласындағы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы театрландырылған қойылымнан басталды.

Төрт мезгіл кейпіндегі қыздар адам мен табиғаттың байланысы туралы қойылым көрсетті.

Мерекенің басты кейіпкері Қыдыр ата ортаға шығып, өзімен бірге ере келген жеті қазынаны халыққа таныстырды. Сахнаға көтеріліп, жиналған жұртқа ақ батасын берді.

Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко жиылғандарды наурыз мерекесімен құттықтады.

“Барша қазақстандықтар «Наурыз мейрамын» – көктемнің, күн мен түннің теңелу және бейбітшілік мерекесін тойлайды. 14 наурызда Жаңа жылды тойлау кезеңі – «Наурызнама» басталып, 23 наурыз «Тазару» тазару күнімен аяқталады. Мерекенің әрбір күнінің өзіндік ерекше тақырыптық бағыты бар: қонақтарды қабылдау және оларға бару, қайырымдылық, мәдениет пен өнер, спорттық іс-шаралар, отбасылық құндылықтар. «Жыл басының» басты күні – 22 наурызда жаппай мерекелік шаралар мерекелік көңіл күй сыйлайды. Ежелден бері бұл жарқын мереке уақыт пен ұрпақ байланысын бейнелейді, көктемгі күн мен түннің теңелуін, барлық тіршілік иелерінің жаңаруын және оянуын. Наурыз көктемнің өзімен бірге ала келген жылылық пен үмітпен бірге рухани тазару, татулық пен келісімді нығайту, халқымыздың мәдени мұрасының байлығын ашып, оны Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерімен бөлісуде. Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы халқы – бірлік пен ынтымақтың үлгісі. Рудный қаласы халқының көпұлтты құрамын 20-дан астам ұлт өкілдері құрайды. Достық пен бірліктің берік іргетасы осынау нағыз ұлттық мерекені бір үлкен отбасы болып тойлауға мүмкіндік берді”, – деді қала әкімі.

Орталық алаңда 6 ақ шаңқан киіз үй тігілген.

Әр киіз үйде қазақтың салт-дәстүрі дәріптеліп, тамашалап келушілерге көрініс қойылды.

Кеншілер қаласының тұрғындары Алматы қаласынан арнайы келеген “Орда” этно-жобасы екі метрлік батырлармен естелік суретке түсті.

Сондай-ақ, садақ ату, гір тасын көтеру, күрес, арқан тартыс сынды спорттық ойындар өткізілуде.

Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

 

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Жаңалықтармен бөлісу