Рудный қаласының әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына өнеркәсіп саласы ерекше үлес қосып отыр. Кеншілер қаласындағы кен өндірісінің ілгері жылжуы бүкіл аймаққа әсер ететіні сөзсіз. Айталық, Қостанай облысының өнеркәсіптік өндіріс көлемінің жиырма алты пайыздан астамы Рудный қаласына тиесілі. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Рудный қаласының тұрғындарымен кездесуінде қаланы дамытудың жан-жақты жоспары талқыланды.
Биыл кеншілер қаласында 468 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда он жарым пайызға көп.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 44 млрд теңгеге жеткен. Қалада құрылыс жұмыстары да қарқын алған.
Осы саладағы жұмыстың көлемі он төрт миллирдтан асып жығылады.
“Бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 млрд теңгеге ұлғайып, 52,7 млрд теңгеге жетті. Ал көтерме сауда айланымының көлемі 44,3 млрд теңге болды. Қалада 7906 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 7261-і белсенді жұмыс істеп жатыр. Ал өнеркәсіптік өндіріс құрылымында “ССКӨБ” және “Қашар кені” АҚ үлес салмағы 76 пайыздан асады. Осыған байланысты қаланы дамыту бағдарламасының бірінші басым бағыты экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту бағыты болып белгіленді. Өңдеу саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, өнеркәсіптің жаңа салаларын дамыту мәселелеріне баса назар аударылады”, – деді Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко.
Дей тұрғанмен, елді алаңдатқан мәселелер де жоқ емес. Халықтың көкейіндегі жайға қатысты сауалдарға басшылық қалай жауап берді?
Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев