Қаңтар айының бірінен бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізілмек.
Мәселен, Мемлекеттік рәміздерді қорлаған адам 11 796 000 теңге айыппұл арқалайды. Қоқыс салынған дорбаны кіреберіске немесе пәтер есігінің алдына тастап кеткен жағдайда 78 640 теңге айыппұл санылады.
Түнгі сағат 22:00-ден кейін шу шығарғандарға 19 660 теңге айыппұл салынады. Қоғамдық орынды түкіріп, былғағыңыз келсе, қалтаңызда 19 660 теңге болуы керек.
Дәл осындай қаржыны көлік тізгінінде телефонмен сөйлесіп немесе белдік тақпасаңыз төлеуге міндеттісіз. Егер көлікті құжатсыз жүргізсеңіз 78 640 теңге айыппұл салынады. Егер қоғамдық көлікте жол ақысын төлемесеңіз 7 864 теңге төлеуіңізге тура келеді. Жаяу жүргіншілер жолынан өтуге ерініп, рұқсат етілмеген жерден өтсеңіз де дәл осындай көлемде айыппұл арқалайтыныңызды біле жүргеніңіз жөн.
Көлік жүргізушілердің қаперінде ұстайтын тағы бір өзгеріс, көлік жылдамдығын көрсетілген нормадан асырсаңыз 19 660 теңгеген 117 960 теңгеге дейін айыппұлмен жазаланасыз.
Өзгеге тіл зәбірін көрсетіп, балағаттау үшін де 78 640 теңгеңіз болуы шарт. Сондай-ақ, мұғалім мен дәрігерді балағаттайтын болсаңыз 39 320 теңге айыппұл салынады.
Сералы МЫРЗАБАЙ