Кейуана үйінде отырып үн қосты

Кейуана үйінде отырып үн қосты

Арқалық қаласындағы №80 сайлау учаскесіне 1708 адам тіркелген. Комиссия төрағасы Батырхан Карашиновтың айтуынша, 15 сайлаушы денсаулығына байланысты үйде дауыс беруге өтініш жазған.
“Қазіргі таңда мыңнан астам сайлаушы дауыс берді. Арнайы бөлінген комиссия мүшелері үйлерді аралап жүр, – дейді Б.Карашинов.

Саяси науқанға үйде отырып үн қосамын дегендердің қатарында Северный кентінің 82 жастағы тұрғыны Үрзия апа да бар.

“Көп балалы анамын. Бұрынырақта керамика зауытында да жұмыс істегенмін. Бірақ негізінен үй шаруасында болып, балаларымды өсіріп, жеткізуге барымды салдым, – дейді кейуана.

Жаңалықтармен бөлісу