Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта доллар арзандап, теңге аптаны жақсы қарқынмен бастады. Бұл туралы ақпарат kurs.kz сайтында жарияланды.
Бүгінгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 486 теңге 2 тиын болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 5 теңгеден астам төмен. Осылайша, ұлттық валюта жұма күнгі деңгеймен салыстырғанда шамамен 1 пайызға нығайды.
Еске салайық, өткен жұмада KASE биржасында доллардың орташа бағамы 491 теңге 29 тиын болған еді. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, бүгінгі сауда нәтижелері 17 наурыз күнгі ресми курста бекітіледі.
