IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында шорт-тректен финалда бақ сынаған жерлесіміз Полина Омельчук 3-орынға ие болды, деп хабарлайды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Полина Рудный қаласының тумасы. Кеншілер шаһарындағы №3 жасөспірімдер және спорт мектебінің тәрбиеленушісі.
“Спорт менің өмірім. Бүгін ел атынан сынға түсіп, жүлдеге қол жеткізгеніме өте қуаныштымын. Алдағы уақытта арманым – алтын алу”, – дейді Полина.
Полина финалда қытай қыздары Ли Жинзи (1:40.803) мен Янг Жингруден кейін ( 1:40.996) 1:41:600 уақыт көрсеткішімен мәреге үшінші келді.