Кәсіпкерлер “Эксперттен” не үйренеді?

Кәсіпкерлер “Эксперттен” не үйренеді?

Қостанайда бірнеше жылдан бері “Эксперт” компаниясы жұмыс істеп келе жатқанын білесіз бе? Бұл қызмет түрі кәсібін жаңа бастаған тұлғалар үшін аса тиімді екенін онда біле жүріңіз.

Компанияның негізгі бағыты – бухгалтерлік қызмет көрсететін заңды тұлғаларға тиімді кеңес беру. Жетекшісі жеке кәсіпкер – Юлия Бубнова.

Бүгінде кәсіпорынның ауқымы кеңейе түскен.

1с бағдарламасы бойынша төрт жүзден астам адамға тұрақты сабақ жүргізеді.

“Жұмысын жаңа бастаған бухгалтерлер мен кәсіпкерлерге есігіміз әрдайым ашық. Осыдан 13 жыл бұрын бастаған болатынбыз. Ә дегеннен үш адам жобамызға қызығушылық танытып, ұсыныс білдірді. Жолдасым бағдарламашы. Содан осы 1с бағдарламасымен жұмыс бастауды ұйғардық”, – дейді Юлия Бубнова.

Содан бері түрлі бизнес өкілдерімен семинар, вебинар өткізіп тұрады. Еңбек заңнамасының әр өзгерістерін осы бағдарлама арқылы таныстырып отырады. Бухгалтерлік есепті тиімді жүргізуге кеңес береді.

Бүгінде компания республика бойынша жұмыс істейді. Қазір ТКШ саласынан шағым айтып келетіндер көп екенін айтады.


Жуырда осы бизнес субъектілері мен қарапайым халыққа декларация тапсыру міндеттелді.

Осыған байланысты “Эксперт” компаниясы Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары мен бизнес субъектілерінің, бухгалтерлердің басын қосып түсіндіру кеңесін ұйымдастырды.

Жиында көрсетілген міндеттің аясында мәселелер сөз болды.

“Бұл Еңбек заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты қабылданып отырған шара”, – деп түсіндірді департамент маманы Динара Шақанова.

Декларациядан өту ортақ міндет. Алдағы уақытта кәсіп иелері мен жұбайларының декларациядан өтуінің үшінші кезеңі басталады.

“Алғашында жаппай тұрғындар 250 форманы Е салық азамат қосымшасы арқылы тапсырды. Қазір бұл қызмет түрі Каспий қосымшасына да енгізілді. Ендігі жаңа 270 формасы 2024 жылға арналған. Былтырғы тапсырған декларацияның мерзімі желтоқсанда автоматты түрде таусылды”, – деп атап өтті департамент маманы.

Оған қолма-қол жиналған қаражат, зат-мүлік есебі жатады.

Қазақстаннан тысқары банктерде сақталған 3,5 млн теңгеден астам қаражат мөлшері көрсетілуі қажет.

Акция мен құнды қағаздар 2,5 млн теңгеден жоғары бағаланған жағдайда белгіленеді.

“Осы жерде қарыз мөлшері айқын ескерілуі керек. Дебиторлық, кредиторлық берешек натариалдық заңдастырылған жағдайда ғана есепке алынады. Құрылыс жөніндегі келісімдер болса, қандай мердігермен шарт жасасқаны туралы мәліметтермен қоса, бастапқы жарна мөлшері көрсетілуі шарт”, – деді Динара Шақанова.

Осы тұста кездесуге қатысып отырған ЖШС құрылтайшысы сөзге араласты(респонденттер аты-жөнін көрсетпеуді сұрады).

“Серіктестік құрылтайшысы ретінде жобамызға қатысқан жеке тұлғаға қарыз болдым. Арада уақытша келісімшартымыз бар. Сөйтіп натариусқа жүгіндік. Қолхатты көрсетіп, ақшаны қайтарып беруге келісім құжатын жасасуды өтіндік. Оған натариус қарсы болды. “Регламентте жоқ нәрсе үшін лицензиядан айырылғым келмейді” деп кесіп айтты. Сіздер декларацияға натариустің рұқсатнамасын талап етіп отырсыздар. Сонда кімге жүгіну керек?”

– деді серіктестік құрылтайшысы.

“Бұл жерде мәселе былай”, – деді маман. – Құжатты барған күнмен жасайтын болғандықтан натариус бұрынғы қарызды бекітпейді. Жаңа келісімшарт жасауға уағдаласыңыздар”.

Осы декларацияға қатысты шекаралық мәселелер де жоқ емес. Мәселен кездесуге келген ресей азаматшасының әкесі еліміздің азаматтығын алмаған. Енді қызықты қараңыз, анасының осында жеке кәсібі бар екен. Қазақстан азаматшасын жолдасының декларация тапсыруы керек пе деген сауал мазалайды.

“Бұл екі кісі де қос мемлекеттің алдында декларация тапсыруға міндетті. Бұл шаруа Қазақстан мен Ресейдің келісімі арқылы заң аясында жүзеге асырылады”, – деді маман.

Міне, қазіргі таңда төрт жүз клиентке тұрақты қызмет көрсетіп келе жатқан компания осындай екі ел арасындағы күрмеуі қиын мәселелердің шешілуіне мамандар арқылы жағдай жасап келеді. Штатта отыз адамы бар.

“Біз қаржылық кепілдік береміз. Жұмыстың дұрыстығын аутсоринг көрсеткішімен көз жеткіземіз. Әлемде осы сала жақсы қалыптасқан. Біз бірінші қадамды жасап отырмыз. Бағдарламаның шығынды азайтуға септігі мол. Бухгалтерлерді қамтамасыз ету керек емес. 1с сатып алып та әуре болмайсыздар. Бәрі біз арқылы қолжетімді болады. Кез келген уақытта жан-жақты бағдарламаны пайдалана аласыздар. Қаржылық қауіпсіздік жауапкершілігіне кепілдік береміз. Тұрақты оқудан өткіземіз. Ешқайда сабылып жүгірмейсіз. Уақытында не істеу қажеттігін бағдарлама ескертіп отырады. Кейбір шағын бизнес субъектілері бухгалтерлік қызметті қажет етпейді. Осындайда кәсіркерлерге де қол ұшын береміз”, – дейді Юлия Бубнова.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев 

Жаңалықтармен бөлісу