Мұрат Севальевтің анасын іздеп Испаниядан Қазақстанға келгені оқырмандарға белгілі. Мұрат газетіміздің инстаграм парақшасына арнайы хат жолдаған еді. Хатында ақпараттық қолдау көрсетуімізді сұрады.
– Мен анама қазіргідей жақын болған емеспін. Сондықтан мен анамды тапқанша Испанияға үйге оралмауды жөн көрдім. Құрметті қазақ елі мен анамды іздеуді әлі доғарған жоқпын. Әлі де іздеу үстіндемін. Осы жазбаны инстаграм арқылы бөліссеңіздер. Маған ана керек. Қазақстаннан туған анамды тауып, оны құшағыма алып, туыстарымды табатыныма сенімдімін, – дейді Мұрат хатында.