Инвестфорум арқауы — облыс мерейтойы

Инвестфорум арқауы — облыс мерейтойы

Бұл жолғы форум облыстың 90 жылдығына арналып отыр.

КІА зауыты іргесіндегі Автобөлшектер өндіретін кәсіпорын ғимаратында шымылдық түрген іс-шара өңірдің экономикалық жетістіктерін паш ететін бейнекөрсетіліммен басталды. Форум бағдарламасында облыс әкімі және Аллюр компаниялар тобының, Freedom Holding Group, Еуразиялық топ, «Астанагенплан» ЖШС басшыларының баяндамасы жоспарланған. blankblankАуқымды іс-шараның ашылуында өңір басшысы сөз алып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.blank

«Сөзімді Мемлекет басшысы жолдаған құттықтау сөзбен бастағым келеді. «Қостанай – ырысы мол, ынтымағы жарасқан қастерлі өлке. Осы уақыт аралығында өңір өсіп-өркендеп, астықты аймаққа айналды. Береке мен бірліктің, келісім мен татулықтың алтын бесігі ретінде танылды. Облыстың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл топырақтан Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин және басқа да тұғырлы тұлғалар шықты. Олар халыққа қалтықсыз қызмет етіп, ұлт руханиятын кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Қазіргі таңда аймақ экономикасы қарқынды дамып жатыр. Азаматтардың қажырлы еңбегінің арқасында өңір өркендеу жолына түсіп, көптеген жетістікке қол жеткізуде. Қостанай жұрты әрдайым ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Аймақ халқының наурыз айында өткен республикалық референдумға белсене қатысып, жаңа Конституцияны қолдап дауыс беруі – соның айқын көрінісі. Осы орайда, облысты көркейту үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер алдағы уақытта да Заң мен Тәртіпті ту еткен Әділетті Қазақстанды құру жолында жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға белсене қатысады деп сенемін», — делінген хатта. Президенттің құттықтау хаты облыстық музейге тапсырылады», — деді Құмар Ақсақалов.

blankОдан ары Тобыл-Торғайдың қатпарлы тарихы туралы сыр шертті.

«Бір қарағанда, өңір тарихы мен инвестфорум әртүрлі тақырып болып көрінуі мүмкін. Бірақ олар бір-бірімен өте тығыз байланысты. Облыс 90 жыл ішінде қандай сындарлы уақытты бастан кешіргенін бай тарихымыз айғақтайды. Ал инвестфорум кешелектегі даму бағытымыз қалай болатынын айқындайды. Облыстың құрылғанына 90 өткенімен, тарихы тым тереңде жатыр. Біздің өңір — рухани бастамалардың, ұлттың ұлы тұлғаларының алтын бесігі болған жер. Бұл өңірде алып Шоқан, алғаш мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин, олардың ізін жалғап Ахмет пен Міржақып Бейімбет Майлин, Мұхамеджан Сералин сынды көптеген ұлылар дүниеге келді. Олардың мұрасы — еліміздің тәуелсіздігіміздің берік негізі. Облысымыз 1936 жылы құрылып, ауыл шаруашылығы бағытында биік белестерді бағындырды», — деді Құмар Іргебайұлы.

blankblankОблыс әкімі осыдан кейін өңірдің әр саладағ қазіргі жетістік-табыстарын тілге тиек етті. Өңірдің әр саладағы толайым табыстары жөнінде көптеген баяндама оқылды. blankblankblankblankblankБұл туралы ақпаратты кейінірек тарқатамыз.

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев