Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының былтырғы түлегі Ақбөпе Баярыстан Корея Республикасындағы шетелдік оқушыларға сабақ беру мүмкіндігіне ие болды.
Өтінім беру құқығы Кореяда өмір сүру құқығы бар Қазақстанның азаматы, отандық іргелі педагогикалық ЖОО түлегі, корей тілін меңгеру деңгейін анықтайтын сертификатымен преференциялардан (кем дегенде магистр академиялық дәрежесі, ағылшын тілін білу деңгейі мен TOPIK 5 деңгейінен төмен емес) сүрінбей өткен Ақбөпе Баярыстан – 14 үімткердің ішінен конкурспен таңдалған төрттіктің қатарында.
Қазақстандық педагогтардың жұмыс барысы «Тілдік сабақтарды жүргізуге көмек», «Корей тілі сабағын жүргізуге көмек» және «Мәдениетаралық сұрақтардың міндеттемелері» сынды детальдарды қамтиды.
Олар 2024 жылдың маусым айынан бастап 2025 жылдың ақпан айының аралығында Кенгидегі 2 бастауыш және 2 орта мектепте сабақ беретін болады.
Институт түлегі бұған дейін академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Түркияда білім алып келген. Сонымен қатар, ағылшын, неміс және корей тілдерін жетік меңгерген.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы