ІІМ-де есірткіге қарсы айлық қорытындыланды

ІІМ-де есірткіге қарсы айлық қорытындыланды

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті және оның аумақтық бөліністері жергілікті атқарушы органдардың көмегімен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай республикалық есірткіге қарсы айлықты өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ол 24 мамырда Ішкі істер министрінің төрағалығымен, Президент Әкімшілігі, Үкімет Аппараты, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен өткен есірткіге қарсы штаб отырысында ашылды. Барлық өңірде әкімдіктермен есірткіге қарсы профилактикалық іс-шараларды өткізу жоспарлары бекітілді. Есірткіге қарсы айлық кезінде еліміз бойынша 5414 іс-шара өткізілді, оның ішінде 310 акция, 103 семинар, 427 дәріс және 359 кездесу, 113 дөңгелек үстел, 432 спорттық жарыс және турнир, 150 профилактикалық сипаттағы конкурстар бар. Оның 994-і нарколог-дәрігерлердің, 894-і еріктілердің, 215-і жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, 425-і үкіметтік емес сектормен және 610-ы білім беру ұйымдарымен бірлесіп өткізілді. Атап өту қажет, бұл шаралар 280 мыңнан астам жасөспірім мен жастарды қамтыды. Нарколог-дәрігерлер және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары өзекті мәселелер бойынша азаматтарға кеңестер ұйымдастырды. Барлық өңірде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, есірткі сайттарының жарнамасы бар граффити-жазуларды анықтау және өшіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Оған 500-ге жуық ерікті қатысып, 6 мыңнан астам граффити боялды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Жаңалықтармен бөлісу