Сайлау-2023: учаске соңғы дауыс берушіні қабылдады

Сайлау-2023: учаске соңғы дауыс берушіні қабылдады

Қостанай облысы бойынша ҚР Мәжілісімен барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды.

Қостанай қаласындағы Горький атындағы гимназияда орналасқан №22 сайлау учаскесі де тура 20.00-де соңғы сайлаушыны шығарып салды. Учаскелік комиссия мүшелері таңғы 7.00-де басталған саяси науқан ойдағыдай аяқталды деп отыр.

«Енді бюллетень санау жұмысына кірісеміз. Тізім бойынша есептейтін боламыз. Бақылаушылар тарапынан заң бұзушылық, ескерту болған жоқ. Егде адамдар өте белсенділік танытты. Бұл саяси додаға үн қосу азаматтық парызы екендерін айтуда. Біздің сайлау округі бойынша үйде дауыс беруге 31 өтініш келіп түсті. Бақылаушылармен барлық талаптарды сақтап, араладық», – дейді №22 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Светлана Брунер.

Бұған дейін Қостанай облысында облыстық мәслихаттың 32 депутаты, қалалық және аудандық мәслихаттардың 232 депутаты сайланатыны хабарланған болатын.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу