Жақында Қазақстан мен Қостанай облысының мемлекеттік органдарында ЕО тәртібі бойынша HR тұжырымдамасы белсенді енгізіле бастады. Қостанай облысы мемлекеттік қызметінің стратегиялық HR орталығы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының базасында құрылды.
Оның басты міндеті – мемлекеттік органдарға осы жұмысты тиімді ұйымдастыруға көмектесу. Сондықтан, отырыс барысында негізгі ұйымдастырушылық және процестік аспектілерден басқа, стратегиялық HR саласындағы квазимемлекеттік және жеке сектордың тәжірибесі де қаралды.
“Қостанай минералдары” АҚ – бұл бағыттағы ең жарқын мысал. Мұнда осы жылдың маусым айында ауқымды “HR-MeetUP 2023” жиыны өтті.
Онда іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген “КМ” АҚ HR стратегиясының барлық артықшылықтары мен ерекшеліктерін ашты. Аталған іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының өкілдері де қатысты. Компания жұмысының ерекшелігін жоғары бағалай отырып, Академия басшылығы Қостанай облысы мемлекеттік қызметінің стратегиялық HR орталығының екінші отырысына спикер ретінде “Қостанай минералдары” АҚ персоналды бағалау және дамыту бөлімінің бастығы Динара Рахметованы шақырды.
–”Қостанай минералдары” АҚ қызметкерлердің әлеуетін, олардың кәсіби өсуі мен дамуын кеңейтуге –бағытталған өзінің HR стратегиясын дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыратынына назар аударғым келеді, – деді Динара Мәлікқызы.
Персоналды басқару, оны бағалау және дамыту салаларындағы тәжірибесімен бөлісті, адами капиталға кешенді көзқарас, оның әлеуетін сапалы айқындау әрі дамыту негізінде құрылатын “Қостанай минералдары” АҚ HR стратегиясы туралы айтып берді.
–Кез келген ұйымның басты байлығы – адам ресурсы. Ұйым қызметінің нәтижелі болуы, табысқа жетуі де осы ресурсты қалай басқарып, қалай бағыттап, ынталандырып отыруына байланысты. Адам ресурстарын басқару – HR-менеджменттің табыстылығы әр қызметкерді тұтас механизмнің бір бөлшегі ғана емес, жеке адам, құндылықтары, мінезі, өмірлік тәжірибесі, арманы мен мақсаты бар дара тұлға деп қабылдаудан басталады, – деді ол.
Осыдан кейін мемлекеттік құрылымдардың кадр қызметтерімен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің спикерлерімен мемлекеттік мекемелерде HR стратегияларын дамытудың ерекшеліктері мен перспективалары талқыланды.
Жітіқара ауданы
@gazetakm