Қарабалық ауданында баспана құрылысы қарқын алды

Қарабалық ауданында баспана құрылысы қарқын алды

Бұл жұмыстар Қарабалық ауданында да қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда екі пәтерлі 9 тұрғын үйдің құрылысы бітіп қалды. 5 үй толық аяқталып, қалған 4 үйде ішкі әрлеу жұмыстары жалғасу үстінде.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов құрылыс барысымен арнайы танысып, ең алдымен сапаға ерекше назар аударуды тапсырды.

Тұрғын үйлерді уақытылы әрі сапалы тапсыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.

blank

«Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – еліміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қолжетімді баспана – бұл арман емес, азаматтар алдындағы міндетіміз» деп атап өткен болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында Қостанай облысында тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Соңғы үш жыл ішінде облыста 1,5 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауылдық жерлерде 194 мың шаршы метр, яғни 905 үй салынды. Биыл жалпы 500 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр», – деді әкім.

Әр пәтердің аумағы – 82 шаршы метр. Барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық желі жүргізілген.

blank blank

Бұл үйлерде қоныстанушылар үшін жайлы әрі қолайлы жағдай жасалған.

Биылдың өзінде облыста 435,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға өскен. Ауылдық елді мекендерде 51,4 мың шаршы метр, яғни 242 үй тапсырылған.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев