1916 жылғы Торғай ұлт-азаттық көтерілісінің батыры Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған жан-жақты республикалық іс-шаралар науқаны басталды. Бүгін облысымыздың музей қорлары ұйымдастырған ауқымды көрме Семей қаласында ашылуда. «Халық батыры» көрмесі облыстық тарихи-өлкетану музейінің игі бастамасымен жүзеге асуда.
А.Имановтың өнегелі өмір жолы өңір тарихымен тығыз байланысты. 1910 жылы Амангелдінің туған жері Терісбұтақ ауылында оның бастамасымен мектеп салынды. А.Иманов көтеріліске дейін қазақ даласында халық азаттығы үшін күрескер, отарлық тәртіпке қарсы тұлға ретінде танылған. Көрме экспозициясына тыл жұмыстарына шақыру туралы патша жарлығының жариялануына байланысты архив құжаттарының көшірмелері мен фотосуреттері, А.Имановтың домбырасы мен туыстарының жеке заттары және сарбаздардың қару-жарақтары, Кейкі батырдың кебежесі, мүсіні, кесенесінің макеті қойылған.
Шараға зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, өлкетанушылар, сол өңірдің мәдениет қызметкерлері қатысты. Бұл облыстық тарихи-өлкетану музейі, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейі, Аманкелді ауданындағы А.Иманов атындағы мемориалдық музейі және Жанкелдин ауданындағы Торғай музейлер кешені қорымен жасақталған. Көрме қала тұрғндары үшін бір ай бойына жалғасады.