Гүлстан Тоқаева. ТІГІНШІ

Гүлстан Тоқаева. ТІГІНШІ

(Новелла)

Жаңа жұмыс орнымда тапсырыс берушілер өте көп екен. Тігінханада әр жексенбі сайын бір тігінші кезекшілік атқарады. Бүгін мен кезекшімін. Осыдан бес күн бұрын  испандық би көйлегіне үлкен тапсырыс түскен.Аға тігінші жұмысты бәрімізге теңдей бөлді.  Мына тігін мәшинесі өзімдікіндей емес, бәрібір толық  үйренгенше жұмыс баяу жүреді. Белгіленген уақытқа үлгерем бе деп уайымдап жүр едім. Құдай өзі көмектескендей осы аптаға тағы бір жұмыс күнін қосып бергенін қарашы. Иә, сағат бестегі құрбымның туған күнін ұмытпадым,жұмыстан сұрандым. Үлгеретінім есіме түскенде, жұмыстың өнімділігі артып кетеді. Жұмыс арасында әкімші қыз келді.

– Біздің тұрақты бір тапсырыс берушіміз келіп тұр. Жолыға аласың ба?

–Жеке тапсырыс берушілермен аға тігінші сөйлесіп, келісімге келмейтін бе еді? – деймін таңқалып. Рас, біз тапсырыс берушілерменсөйлеспектүгілі, түрінкөргенемеспіз.

– Аға тігіншің қазір жоқ екенін мен де білем, сен де білесің. Жүр енді, – деді. Қаласаңда, қаламасаңдабарасыңдегеніғойбұл. Қабылдау бөлмесіне кіріп барсам елу жас шамасындағы бір ер адам мені күтіп отыр екен. Қалталы адам екені көрініп тұр. Маған бір қарады да, қайтабұрылмады. Пора-порабоптерлепшайішіпотыр.. Амандасып едім, кәмпитті  аузына салып, бір сорып алғанша үн қатқан жоқ.

– Амансың ба? – дей сала  менің жауабымды күтпей-ақ кесесін басына көтерді. Шай ішіп біткен соң кіруім керек пе еді деп қоямын.

– Міне матасын алып келдім, не тігу керектігі көрсетілген. Тезірек бітіріп бергенің жақсы, – деп қамсыз сөйледі де мата мен сызбаны алдыма тастай салды.

– Кешіріңіз, біз жұмысты аға тігіншінің рұқсатынсыз бастай алмаймыз. Алдымен сол  кісімен хабарласып, сосын әкімшімен құжаттарды жөндегеніңіз дұрыс болар.

– Жаңадан келіпсің.Жаңадан келгенде бәрі тәртіпке  бағынғыш болады. Кейін қалай өзгеріп кеткенін өздері де сезбей қалады,- деп қарқылдап күлсін кеп. Мен үндеген жоқпын.

– Аға тігінші деп  Жарасты айтасыңдар ма? Келіспей көрсін ол осыдан… Мен сөйлесіп қойдым,  сен бастай бер.

–  Енді бір жарты сағатта кетейін деп отырмын.  Келіскен болсаңыз, тігудіертеңбастайық.

– Жарты сағатта тіксең не болар екен?! Тез бітуі тиіс жұмыс деп айтып тұрған жоқпын ба? – айқайлап бөлмені басына көтерді.

– Бітіріп үлгермеймін.

– Онда үйіңе алып кетіп тігесің. Үйге алып кетуге болмайды дейсің ғой, ол сылтауың да қабылданбайды. Осыдан таңда бітірме… Жарастың қорғағанын көрейін сонда сені, – деді де қолыма мекен-жайы мен телефон нөмірі жазылған қағазды ұстатты дабөлмеденшығыпкетті.  Мен тағы да үндемедім…

Туған күнге барған  соң енді бір көңілім көтерілсе ше…

Әдетте пәтерде бірге тұратын қыз он болса болды ұйқыға жатады.  Ал ас бөлмедегі жарық сығырайған ғана. Мен жарықтың әлсіздігін де сылтаурата алмайтыным есіме түсті. Көршілерден шам сұрап әкелдім. Неге екенін білмеймін әбден үйренген өз тігін мәшинем болса да, жұмысым жүрмей-ақ қойды. Сонда бірінші рет салмақ тәнге емес, жанға түскенде ауырлығы басым болатынын сездім.

Таңда тіккен шапанды мекен-жайына салып жібергенімді айтып хабарласып едім,  «қолыңнан бірдеңе келеді екен ғой әйтеуір» деді де телефонды тастай салды.  Көңілдің қорегі  – алты әріптен тұратын сол бір  ауыз сөз айтылған жоқ…

Екі аптадан кейін  тігінханаға кіріп келе жатсам, әлгі ер адам әкімші қызбен әңгімелесіп тұр екен. Мені көресала,  құшақтағысы келді. Жол бермедім. Шіркін, тігіп берген киіміміздің тәнді ғана емес, көрсетуге болмайтын жанның жаман пиғылын да жауып тұратын қасиеті болса ғой…

– Күнім, әншейін! Қарындасым менің! Қалың қалай?  Ана жолғы жұмысың тіпті де керемет! Мен тегі көріп таңғалдым. Ризамын саған! Рақмет, айналайын, – деп іші-бауырыма кіріп жылы сөйлеп, алғысын жаудыра кетті. Уақытылы айтылмаған соң ба, әсер еткен жоқ. Басымды изедім де өтіп кеттім.

Аға тігінші де жұмысқа ерте келген екен. Кіргенімді көріп, мені өзіне шақырды.

– Бүгін бізде бір шапанға тапсырыс түскен екен. Соны саған берсем бе деп тұрмын.

– Әрине,  мен тігейін оны.

– Өзі де келіп тұрмын деген, мен әлі сөйлеспедім. Ол бұл жердегі тігіншілердің жұмысымен жақсы таныс, сондықтан тігіншіөзітаңдайды. Мен осы жолы сенімен де таныс болсын деп ұсынып отырмын.

– Егер тұрақты тапсырыс беруші болса, ұят болып жүрмей ме?

– Сөйтіп жүріп үйренесің. Сенде жақсы тігесің ғой. Тоқташы, жаңахабарламакеліпеді. Мүмкін жазған хатында айтқан шығар, тыңдай салайық, – деп телефонын ашты. Сосын дауысын шығарып бір аудионы қосты: «…Жаңадан келген әнебіреу кішкентай қызды айтасың ба?!  Ойбай, оның қолынан не келеді? Жіп сабақтай ала ма өзі? Жарас, менің талғамымды…» Ары қарай тыңдамадық. Аға тігінші қашаннан бері тіге алмайтын адамды тігінханаға жұмысқа алып едік деп ашуға мінді.

Кейін анықталды. Мен түні бойы отырып тіккен шапаным  туралы аға тігінші білмеген екен. Жеке тапсырыс берушінің әкімші қызбен әңгімесі жарасқан екен-ау…

Гүлстан Тоқтарқызы Тоқаева

ҚазҰӨУ4-курс студенті ,

Астана қаласы

Жаңалықтармен бөлісу