Gold Coin – цифрлық форматтағы инвестициялық алтын

Gold Coin – цифрлық форматтағы инвестициялық алтын

Қазақстан Ұлттық Банкі  алтынға инвестиция салудың жаңа, ыңғайлы тәсілі пайда болғанын хабарлады. Gold Coin – ÚKI инвестициялық монетасының цифрлық баламасын іске қосты. Бұл монета АХҚО (AIX) биржасында саудалана бастады.

Ол қалай жұмыс істейді?

Tabys қосымшасынан Gold Coin – инвестициялық алтынның цифрлық баламасын сатып алуға болады. 1 Gold Coin = 1/20 трой унциясы алтынға тең.

Бағасы LBMA әлемдік котировкалары мен доллардың теңгеге шаққандағы бағамына негізделеді. Gold Coin-ды онлайн сатып алуға, сатуға және сыйға тартуға болады.

20 Gold Coin жинасаңыз, оларды Ұлттық Банктің филиалдарында физикалық ÚKI монетасына айырбастауға болады.

Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналысы басқармасы директорының орынбасары Ануар Кониркульжаев:

«Бұл жобаның бірегейлігі сол – енді инвесторлар алтын инвестициялық монеталарды ұлттық валютада қалай сатып алып, қалай сақтайтынын өздері таңдай алады. Яғни, цифрлық және физикалық формат қатар қолжетімді болады. Бұл бастама алтынға инвестиция салғысы келетіндерге өте ыңғайлы жағдай жасайды», – деп түсіндіреді.

Жаңалықтармен бөлісу