Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО әкімі болып тағайындалды

Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО әкімі болып тағайындалды

Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов 1968 жылы 11 шілдеде Қостанай облысы Қарасу ауданында дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар.

Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (1992) агроном мамандығы бойынша, Челябі мемлекеттік университетін (2002) заңгер мамандығы бойынша, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін (2009) экономист мамандығы бойынша бітірген. Соңғы қызметі: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Еңбек өтілі:

Торғай облысы Октябрь ауданы Вильямс атындағы кеңшардың механизаторы (1985-1987);

Қостанай облысы Қостанай ауданы «Московский» кеңшарының бас агрономы (1992-1996);

«Боскөл» коммуналдық кәсіпорнының атқарушы директоры (1996-1997);

Таранов ауданының әкімі (1997-2002);

Қарабалық ауданының әкімі (10.2002-01.2008);

Қостанай қаласының әкімі (01.2008-02.2009);

Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі (06.2011-2012);

Қостанай қаласының әкімі (13.02.2012-06.2014);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің инспекторы (06.2014-05.2015);

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары (05.2015-16.01.2023)

Сайланған лауазымдар, парламентаризм:

Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (16.01.2023 ж.)

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

Парасат ордені (2011)

«Ерен еңбегі үшін» (2004), «Астана» (1999), «Қазақстан Республикасына 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Тыңға 50 жыл» (20 05) медальдарымен, «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011)

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымы 4 қыркүйектен бері бос, облыстың бұрынғы әкімі Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған.

Қостанай облысының қазіргі әкімі Құмар Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысын 2017 жылдың наурызынан 2022 жылдың желтоқсанына дейін басқарды.

Жаңалықтармен бөлісу