Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.
“Бұл қызметті іске қосу барысында FlyArystan күтпеген кедергілерге тап болды. Компания ол мәселелерді шешкенше, бұл қызметті іске қосуды тоқтатуға шешім қабылдады. Әуежайда ақылы тіркелу қызметін сатып алған барлық жолаушыларға толық қайтарым жасалынады. FlyArystan осы қызметті болашақта жүзеге асыра алатынына және Қазақстанның авиация саласын дамытуға бағытталған цифрландыру стратегиясына толықтай сенімді”, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 3 тамызда әуежайда қазақстандық FlyArystan әуе компаниясының рейстеріне тіркелу ақылы болатыны хабаланған еді. Атап айтқанда, қызметті алдын ала сатып алған жағдайда ішкі рейстерге 500 теңге, ал халықаралық рейстерге 5 мың теңге деп белгіленген болатын.