Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Евгений Федоров пен Алексей Луценко велошосседе топтық жарыста алтын және күміс медальдарды сыйлады, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
“Қазақстаннан келген спортшылар велошосседегі топтық жарыста бірінші екі орынды иеленді. Евгений Федоров ұлттық құрамаға алтын медаль, жеке жарыста чемпион Алексей Луценко – күміс медаль әкелді”, – делінген хабарламада.
Біздің спортшылар жарыстың көп бөлігін басқарды және мәреге бірге келді.
Қазақстандық велошабандоздар Қазақстан командасының қоржынына алтыншы алтын және он екінші күміс медальдарды салды.
“Бүгін отандық велоспорт үшін үлкен күн. Біздің шабандоздар тағы да өздерінің жоғары деңгейлерін көрсетті. Евгенийді Азиаданың алтын медалімен құттықтаймын!”- деп атап өтті ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.