Федоров ауданына қарасты Баннов ауылының тұрғындары ауылға кіріп кетіп, қоршауға қыстырылып қалған сібір елігін көріп, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне хабарласқан. Учаскелік полиция инспекторы Мерген Сабыржанов пен Қостанай облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының қорықшысы Генадий Рябов құтқару операциясын жүргізді.
Еліктің артқы аяқтары зақымданған. Сол себепті оған ветеринарлық көмек көрсетілді. Елік Қостанай облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының арнайы мекемесіне орналастырылды. Екі күн бойы мамандар оның жағдайын бақылайтын болады. Елік жарақаты жазылғаннан кейін табиғи ортаға жіберілмек