Федоров ауданында қарттар мен мүгедектерге көмек көрсетілді 

Федоров ауданында қарттар мен мүгедектерге көмек көрсетілді 

Қоғамның дамуы тек экономикалық көрсеткіштерден бөлек, адамгершілік құндылықтармен де өлшенетіні сөзсіз. Сол құндылықтардың ең бастысы – қайырымдылық.

Қайырымдылық – жүректен шыққан мейірімнің көрінісі, адамның адамға деген шынайы жанашырлығы.

blank blank blank

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Республика күні ұлттық мерекесіне орай Қостанайдағы «Шарқ» Тәжік этномәдени орталығы» «Федоров ауданы мүгедектер мен қарттар интернат-үйіне қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

«Мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен өзара қамқорлық мәдениетін қалыптастыру, ізгі істер арқылы адамдардың жүрегіне жылулық ұялату» – дейді бұл туралы орталық төрағасы Ергешбай Холметов.

blank blank

Акция аясында бірлестік түскі асқа өздері дайындаған «Палауды» тартып, көкеністер мен жеміс-жидектерге дастарханды толтырды.

«Бұл шара – тек материалдық көмек емес, рухани серпіліс. Әрбір адам өз үлесін қосу арқылы қоғамдағы ізгіліктің арта түсуіне себепкер болады. «Жақсылық жолында бірге» деген атаудың өзі бірлік пен ынтымақтың символы», –дейді төрағаның орынбасары Ф. Восиев.

Аталған іс-шарада тәжік этномәдени орталығы ұлттық киімдерін киіп акцияның көркін кіргізді.

«Мейірім – адамзаттың ең асыл қасиеті. Егер әрқайсымыз айналамызға аз да болса жақсылық жасасақ, онда өмір жарығырақ, қоғам ізгілене түсер еді. Сондықтан да бұл акция – баршамызды ортақ мақсатқа, жақсылық жасауға шақыратын үндеу», – дейді қарттар үйінің басшысы А. Оспанова.

 

 

Д. Сәрсенбетов

Федоров ауданы