Эвакуациялауға дайындық шаралары басталды

Эвакуациялауға дайындық шаралары басталды

Қазіргі уақытта Қостанай қаласының колледждері мен мектептерінде Қостанай ауданындағы тасқын су басқан жерлерден эвакуацияланған адамдарды орналастыру үшін жедел дайындық жүріп жатыр.

Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл мекемелерге матрацтарды тиеуге және жеткізуге жарамды жүк көліктеріне сұраныс артып тұрғанын айтады.

“Біз кәсіпкерлерге және осы процеске көмек көрсететін азаматтарға алдын ала алғыс айтамыз”, – делінген хабарламада.

Бұл жұмыстарға қол ұшын беруге ниет танытқан жандар мына көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуларына болады:8 705 526 85 14, Олеся Николаевна (облыстық білім басқармасы).

Жаңалықтармен бөлісу