ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-премьер-министрі Тамара Дүйсенова Сенат депутаттарының сұрауына жауап бере отырып, этномәдени бірлестіктерге қанша грант бөлінетінін айтып берді, деп хабарлайды “ҚазАқпарат”.
“Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер ретінде тіркеледі және үкіметтік емес ұйымдар болып саналады. Мемлекеттік емес ұйымдарды қаржылық қолдау қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады. 2023 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі гранттар есебінен қаржыландыру шеңберінде 57 гранттық жобаны іске асырады. Олардың жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайды”, — деді Тамара Дүйсенова.
Вице-премьер-министрдің айтуынша, 2022 жылы 60 гранттық жоба іске асырылып, 1,96 млрд теңге игерілген.