“КОСТАНАЙЭНЕРГО” ЖШС 2023 жылғы 1 қарашадан бастап электр энергиясына жаңа тарифтер қолданысқа енгізілетінін хабарлады.Компания бұл шешімді электр энергиясын беру тарифтерінің өсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің дәлелді қорытындысы негізінде шығарылғанын айтып отыр.
Тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және өзге де қызмет көрсетуге жатпайтын, тек өз тұрмыстық қажеттіліктері үшін электр энергиясын пайдаланатын тұтынушылар үшін – 1 кВт/сағ үшін ҚҚС есебімен 23,84 теңге.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 56,44 теңге немесе 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-пен 63,21 теңге.
Тұрмыстық қажеттіліктер үшін электр энергиясын пайдаланбайтын заңды тұлғалар мен өзге де тұтынушылар үшін ҚҚС-сыз 32,97 теңге немесе 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-пен 36,93 теңге.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін кәсіпорындар үшін ҚҚС-сыз 28,19 теңге немесе 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-пен 31,57 теңге.
Бұл ретте газдандыруға жатпайтын үйлердің тұрғындары үй салу жобасында немесе кондоминиум объектісіне техникалық паспортта оны газдандыру көзделмесе, электр плиталарын пайдаланатын тұтынушыларға жатады.