28 мая, 2025
Ертең телеканалдардың жұмысы уақытша тоқтатылады

Ертең телеканалдардың жұмысы уақытша тоқтатылады

Бұл туралы  «Қазтелерадио» АҚ  хабарлады.

«Қазтелерадио» АҚ  хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Осыған байланысты, осы жылдың 24 қаңтарында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.