Оқу-жаттығуды Қостанай облыстық терроризмге қарсы жедел штабы Қостанай теміржол вокзалы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы АҚ аумағында өткізбек.
Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың террористік сипаттағы түрлі қауіптерді жою жөніндегі күштері мен құралдарының дайындық деңгейін тексеру.
«Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Оқу-жаттығу барысында арнайы техникалар мен қызметкерлердің қозғалысы, сондай-ақ бірқатар шектеу шаралары болуы мүмкін. Азаматтарды сабыр сақтауға, тек ресми ақпаратқа сенуге және оқу-жаттығуға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптары мен іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», – деп хабарлайды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.
Антитеррористік оқу-жаттығу ертең сағат 07:00-ден 16:00-ге дейін өтеді деп жоспарланып отыр.
