Қостанайда сынап бағанасы ауа температурасының -32-34 градусқа төмендегенін көрсетіп тұр. Осыған байланысты Қостанай қаласының 1 ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары 12.12.2023 күні онлайн оқу форматына ауыстырылады. Бұл туралы Қостанай қаласының білім бөлімі хабарлады.
