Еркін Тапалов  «Тобыл» ойыншысы атанды

Еркін Тапалов «Тобыл» ойыншысы атанды

Бүгін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Қостанай клубымен келісім-шартқа отырды деп хабарлайды “Тобыл” футбол клубының баспасөз қызметінен.
Еркін Тапалов өзінің мансабын 2011 жылы «Ақжайық» құрамында бастаған. Кейін  «Шахтер», «Жетісу» және «Тұран» командаларында өнер көрсетті. Өткен маусымды «Қызылжар» құрамында команда капитаны болды.

2019 жылдың 21 ақпанында Қазақстан құрамасы сапында Молдоваға қарсы жолдастық кездесуде дебют жасаған. Қазақстан құрамасында барлығы 12 ойында алаңға шыққан.

Жаңалықтармен бөлісу