Елордада құқықтық мемлекет құру үшін билік пен қоғамның серіктестігі мәселелеріне арналған XI Азаматтық форум өтті. Онда қайырымдылық саласының үздік қайраткерлері анықталды. Солардың қатарында “Қостанай минералдары” АҚ Басқарма төрағасы Е.С. Нұрхожаев та бар. Оған демеушілік көмек көрсеткені және көптеген жылдар бойы түрлі қайырымдылық жобаларын жүзеге асырғаны үшін “Қайырымдық үшін”төсбелгісі табыс етілді.
“Қостанай минералдары” АҚ күшімен Жітіқарада көптеген маңызды әлеуметтік нысандар тұрғызылды, көптеген қайырымдылық акциялары өткізілді және әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетілді.
Осы форумда “Жітіқара ауданының мүгедектер Достастығы” қоғамдық бірлестігі “Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау” номинациясының жеңімпазы атанды. Бірлестік күн сайын мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау және қорғау бойынша үлкен жауапкершілікті өз мойнына алады. Көркемөнерпаздарға, үйірмелердегі сабақтарға және т.б. тарту арқылы олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектеседі.
@gazetakm