Еңбекқорлық – ең басты құндылық

Еңбекқорлық – ең басты құндылық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған елімізде ұлттық саяси реформа үлкен жетістік болды. Сол арқылы жеке адамға дербестік, құқық, еркіндік берілді.

Өзім еңбек адамы болғандықтан, Қасым-Жомарт Кемелұлының «Еңбекқорлық біздің негізгі құндылығымыз болуы қажет. Оны ұлт сипатын айқындайтын асыл қасиетке айналдыруға тиіспіз» – деп адал еңбектің басты құндылық екеніне назар аударғаны қатты әсер етті. Әлі күнге дейін мені осы сөз шабыттандырып келеді.
Әсіресе, Президентіміз еңбек адамы туралы көп айтады. Өйткені, олар құрмет пен сыйға лайық жандар.
Мен де жұмыс барысында еңбек адамдарына барынша қолдау көрсетіп, жағдай жасауға тырысамын. Себебі, олардың еңбегі бағасыз, ештеңемен өлшеуге келмейді.
Бүгінде “Қоскөл” элеваторының бойына “қан жүгіртіп”, оның жұмысын жандандырып жатырмыз. Ауылдағы адамдарды жұмыспен қамтыдық. Ендігі мақсат алдағы уақытта ауылға отбасылар көшіріп әкеліп, мектепті қайта ашқымыз келеді.
Жалпы, ниет болса бәрін жасауға болады. Президентіміздің жасап жатқан бастамаларына ел болып қолдау көрсетсек, бұл келешекке жасалған үлкен инвестиция дер едім.

Жауынбай ЧИСТОБАЕВ,

“Қоскөл” элеваторының директоры, аудандық мәслихаттың депутаты

Жаңалықтармен бөлісу