Жұмаділ Кенжетайұлы 20 жылдан бері жол саласына өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатқан ардақты маман. Ол 2006 жылы Қостанайжоллабораторияда жұмысын бастап, сол уақыттан бері жол сапасын арттыру жолында аянбай еңбек етті.
2019 жылдан бері Қостанай облысындағы «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК филиалында қызмет атқарып, жол құрылысының әр қырын жетік меңгерген білікті маманға айналды.
Жұмаділ Кенжетайұлы өз ісіне деген адалдығымен, жауапкершілігімен және еңбекқорлығымен танылып, әріптестері арасында ерекше беделге ие болды.
Оның қажырлы еңбегі мен табандылығы біз үшін үлкен мақтаныш, ал бұл төсбелгі — оның жол саласына қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы.