ІІМ құжаттарды ресімдеу ережелерін жаңартты. Оның ішінде жеке куәліктің, азаматтығы жоқ адамның куәлігі сонымен қатар жол жүру құжатын ресімдеудің, ауыстырудың және жоюдың жаңа қағидаларын әзірледі. Енді жеке құжаттарда саусақ іздері қажет болуы мүмкін.
Құжатқа сәйкес, жеке куәлік енді келесі деректерді қамтиды: Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса); туған күні мен орны; жынысы; берілген күні, құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі; құжат иесінің қолы; жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және саусақ іздері. Ұлтты өз қалауы бойынша көрсетуге болады.
Бұйрық жобасын талқылануы 13 сәуірге дейін жалғасады.
Дереккөз: tengrinews.kz