Енді электросамокаттар көлік деп есептеледі

Енді электросамокаттар көлік деп есептеледі

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып, соған сәйкес, электросамокаттар көлік транспорты ретінде танылуы мақұлданды.

Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды.
Негізінен заң жобасы осыдан екі жыл бұрын әзірленген, алайда электросамокаттарға қатысты шешім 2022 жылдың шілдесінде қабылданған.

Электросамокаттар жол жүру бөлігінің оң жақ шетімен және автобус жолағымен бір қатарда жүруіне жол беріледі. Бірақ, ол үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және арнайы шлем киіп, сонымен қатар, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.

Жолдың жүру бөлігіне қойылатын талаптар апаттың алдын алу үшін енгізіледі. Себебі, жол жүру қағидаларын білмеу – көлік құралының конструкциясына қарасақ, қиын жағдайға алып келуі мүмкін. Осы көлік құралына жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға да тыйым салынбақ. Жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек.

Жаңалықтармен бөлісу