Бүгін осы атаулы мерейтойға орай филармонияның басты ордасы – “Жастар сарайы” ғимаратында салтанатты іс- шара өтті.
Мәдени мерекеге арналып ауқымды концерттік бағдарлама әзірленген. Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, әйгілі “Ақжелең” фольклорлық ансамблі және басқа да саз, би ұжымдары, күміскөмей, жезтаңдай әншілер көрермен қауымға әсерлі кеш сыйлады.
Іс-шара аясында облыстық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Жүсіпов ұжымды құттықтап, бірқатар қызметкерге Алғыс хат табыстады.
Толығырақ – газеттің алдағы санында.