Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек жағдайлары қауіпті жұмыстарда істейтіндерді әлеуметтік қорғау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.