Жерлесіміз Лаура Әлмағамбетова Астана қаласында ересектер арасында өткен Грек рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы жарысында жеңімпаз атанды.
Лаураны жанкүйерлері мен жақындары теміржол вокзалынан құшақ жая күтіп алды.
Бұл кубок иегерінің араға бірнеше ай үзіліс салып шыққан биылғы алғашқы бәсекесі.
«Сегіз ай күрескен жоқпыз. Былтыр иығына ота жасалды. Одан кейін бейімдеу кезеңінен өттік. Содан бергі алғашқы жарысымыз болғасын үйден дайындалып бардық. Жалпы жақсы болды», – дейді Лаураның бапкері Сәндібек Сәрсенов.
Үш күнге созылған жарыста Лаура Әлмағаметова төрт кездесуді өткізді.
«Шұғыла Өмірбек деген Түркістанның қызымен екі рет кездесік. Қазіргі талапқа байланысты жеребе солай түсті. Жеті адамның ішінен өз тобында бір рет жолғып, финалда да күресті. Шәкіртімді тактикалық, психологиялық тұрғыдан да дайын болды», – деп айта аламын дейді Сәндібек Сәрсенов.
Жеңімпазды бұл жарыстың тамаша ұйымдастырылғанын айтты. Барлық қарсыласымен шығарда жауапкершілік сезімде болған.
«Жалпы өз басымда анау оңай қарсылас, мынау қиын болады деген түсінік болмады. Отадан кейін осындай жарысқа түсіп, жеңіп алғаныма бәрібір таңданып жүрмін», – дейді Лаура.
57 келіде сынға түскен Лаура алғаш рет боз кілемге шығып, Ақтөбенің қызын 10:0 есебімен ұтты. Финалға жолдама беретін бәсекеде Солтүстік Қазақстан облысынан барған еліміздің бірнеше дүркін жүлдегері Анна Стратанмен жолы түйісті. Ақтық бәсекеде Түркістан облысының өкілін тізе бүктірді.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суретке түсірген Бағдат Ахметбеков