Елордада республикалық оқыту семинары ашылды

Елордада республикалық оқыту семинары ашылды

Бұл Астана қаласындағы №100 «Келешек мектебінде» өткен республикалық оқыту семинарының ашылуына  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысты.
Семинар «Халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары негізіндегі «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» және «Адал азамат» бағдарламаларын ілгерілету» тақырыбына арналды.

🟡Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам «Келешек мектептері» директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары мен сарапшылар қатысты.

blank blank
🟡Семинар барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру, Конституциялық құндылықтарды тәрбие жұмысына кіріктіру, құқықтық және экологиялық мәдениетті дамыту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

🟡Сондай-ақ қатысушылар буллингтің алдын алу, ата-аналармен өзара іс-қимылды нығайту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде пайдалану бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.

🟡Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өңірлерде тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған практикалық ұсынымдар әзірледі.