Елордада қостанайлық өнімдер үлкен сұранысқа ие болуда

Елордада қостанайлық өнімдер үлкен сұранысқа ие болуда

Астанада Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен дәстүрлі жәрмеңке өтіп жатыр. Өңірдің 14 ауданы мен 3 қаласынан 50 кәсіпорын қатысу үстінде.

Сөрелерде өңірдің брендіне айналған 100-ден астам азық-түлік түрі бар.

“Қостанайлық брендтер республика көлемінде және одан тыс жерлерде танымал, – деп атап өтті Қостанай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ибрагим Бекмұхамедов. – Олардың қатарында “Милх” ЖШС, “ДЕП” ЖШС, “Баян Сұлу” АҚ, “Бекиров” ШҚ, “Безбабный” ШҚ, “Торғай АТА” ЖШС, “Қарағулина” ЖК және басқалары бар”.

Жәрмеңкеге келушілердің нарықтық құнынан 10-15% – ға төмен жаңа табиғи өнімдерді тікелей фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден делдалдарсыз сатып алуға мүмкіндігі бар.Ибрагим Бекмұхамедовтың айтуынша, елордалық жәрмеңкеге еліміздің барлық өңірімен бірге Қостанай облысы 2009 жылдан бері қатысып келеді. Бүгінде өз өнімдерін Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Б.Майлин, Федоров, Ұзынкөл аудандары мен Арқалық, Рудный, Қостанай қалалары ұсынды.Осы ауқымды республикалық іс-шараға алғаш рет қатысқан кәсіпкерлер де бар. Олардың ішінде күнбағыс майы, ұн және кондитерлік өнімдер шығаратын кәсіпорындар жетерлік.
Қостанай облысының кәсіпорындары 402 тонна өнім сатуды жоспарлап отыр.

Жаңалықтармен бөлісу