Елордада “Халық батыры” атты көрме ашылды

Елордада “Халық батыры” атты көрме ашылды

Бүгін Астана қаласында Мәдениет және спорт Министрлігінің ұйымдастырумен Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай “Халық батыры” атты көрме өтіп жатыр.

Бұл іс-шараға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған 1916 жылға қатысты фотосуреттер мен құжаттар, батырдың және сарбаздардың жеке заттары қойылған. Сондай-ақ Амангелді оразын сомдауға зор үлес қосқан Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің, бейнелеу өнерінің шеберлері – Баки Урманче, Нағымбек Нұрмұхамедовтің кескіндеме туындылары, Қазақстанның халық суретшісі, мүсіші Хәкімжан Наурызбаевтың және Украина халық суретшісі Ефим Белостоцкийдің мүсіндік туындылары да халық назарына ұсынылып отыр.Көрме ашылуында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев, министрлік өкілі Нұрғиса Дәуешев, Парламент Сенатының депутаты Ғауез Нұрмұхамбетов, Парламент Мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл және батырдың тікелей ұрпағы Батырұлан Рамазанұлы Амангелдинов сөз сөйледі.Көрмені тамашалауға келіп жатқан адам қарасы қалың. Олардың арасында Тобыл өңірінен барған зиялы қауым, Астанада тұратын қостанайлықтар да, елорда тұрғындары да бар. Жасы да, егдесі де көрмеге ерекше ықыласпен назар салу үстінде.Айта кету керек, бүгін Амангелді батырдың туған күні!

Материалды толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Жаңалықтармен бөлісу