Мемлекет басшысының жастарға деген ерекше көзқарасын атап өткім келеді. «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Президент жас ұрпақтың әлеуметтік лифті жөніндегі шаралар жөнінде сөз қозғады. Президенттік Жастар кадрлық резерві құрылды, ол арқылы жастар арасынан бірқатар мемлекеттік лауазымдарға басшылар тағайындалады. Елімізде жастарды өкілді органдарға сайлауға мүмкіндіктер көп, өйткені тиісті квота еңгізілген болатын.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі шенеуніктер мен басшыларға қойылатын басты талап, қоғамдық көңіл-күй мен оқиғалардың импульсінде елмен бірігу, адамдардың тілектерін тыңдап, назар салу, халыққа уақытылы әрі тиімді жауап беру, дұрыс шешім қабылдау қабілеті екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мемлекет үшін адам емес, адам үшін мемлекет» қағидатын ұстануға тиіс екенін қадап айтты.
Сабыр Молдағалиев,
қоғам белсендісі.
Сарыкөл ауданы