Елімізде пациенттерге арналған электронды сервис іске қосылады

Елімізде пациенттерге арналған электронды сервис іске қосылады

Бұл жүйе медициналық көмек көрсетудің бірыңғай электрондық экожүйесін кезең-кезеңімен құруға мүмкіндік берді деп хабарлайды ҚР Денсаулық сауқтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сервис іске қосылған жағдайда тұрғындарға амбулаториялық қабылдау үшін дәрігерге онлайн жазылуға болады. Осы жүйе арқылы емдеуге жатқызу, дәрілік заттарды алу және еңбекке жарамсызды парақтарын жазу тәртібін қадағалай алады. eGov Mobile мобилдік қосымшасында қол жетімді eDensaulyq сервисінің көмегімен пайдаланушыларға донорлық, медициналық қарсы көрсетілімдер, жүкті әйелдерді есепке алу және диспансерлеу туралы кеңейтілген ақпараттар қолжетімді болмақ.

Азаматтар тіркеуді анықтаған жағдайда қызмет көрсетудің ашықтығын бағалауды арттыру үшін пациенттің биометриясын, QR-кодын және SMS-растауды енгізуге мүмкіндік береді.

Оған дәрілер мен медициналық бұйымдардың бірыңғай жіктеуішін іске қосу, медициналық ұйымдардың арасында клиникалық деректермен алмасу қызметі, еңбекке жарамсыздық парақтары мен анықтамаларын беру процесін оңтайландыру және медициналық қызметтерге ақы төлеу үшін төлем жүйелерін жетілдіру кіреді.

Биыл осылайша, «E-densaulyq» ядросы ӘлМСҚ медициналық көмегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі, электрондық медициналық кітапшалар, вакцинациялаудың электрондық паспорты бөлігінде іске қосылады. Вакцинациялауға қарсы көрсетілімдері бар адамдарға медициналық қарсы көрсетілімдерін есепке алуды, QR арқылы ақылы дәрілік затты алуды, клиникалық қызметтердің нәтижелерін көрсетуді автоматтандыру енгізілетін болады.

Жаңалықтармен бөлісу