Жас шаңғышылар арасында есірткіге қарсы жарыс өтті

Жас шаңғышылар арасында есірткіге қарсы жарыс өтті

Қостанай қаласының шаңғы базасында балалар жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері арасында шаңғы тебуден жарыс ұйымдастырылды. Жас спортшылар “Спорт есірткіге қарсы” ұранымен сайысқа белсене араласты.

Іс-шараны Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы №3 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен  бірлесіп ұйымдастырғанын айта кетейік.
“Жастардың денсаулығы – бұл ең алдымен еліміздің салауатты болашағы. Спортқа деген сүйіспеншілікті ояту және белсенді өмір салтын ұстану-біздің міндетіміз, – деді облыстық ПД қызметкері полиция майоры Айгүл Ераділова.
Шаңғы жарысына спорт мектебінің 70-тен астам тәрбиеленушісі қатысты. Қатысушылар ең жақсы нәтиже көрсетуге тырысты.
“Біздің тәрбиеленушілер елімізде қысқы спорт түрлері бойынша көшбасшы орынға ие. Қостанайлық спортшылар Олимпиада ойындарына қатысу үшін Ұлттық олимпиадалық құрамаға тұрақты түрде кіреді. Бұған мысал ретінде біздің тәрбиеленушіміз Полина Омельчук қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанға екінші медаль алып келді. 1000 метр қашықтықта өнер көрсетіп, үшінші орынды иеленді”, – деп атап өтті №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі басшысының оқу бөлімі бойынша орынбасары Любовь Кулешова.

Жаңалықтармен бөлісу