Елімізде несиеге шектеу енгізіледі

Елімізде несиеге шектеу енгізіледі

Қазақстанда “кредиттің ең жоғары сомасы” ұғымы енгізілуі мүмкін деп хабарлайдыTengrinews.kz. Бастаманы Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі көтерді.

Агенттік басшысы Мәдина Әбілқасымова елімізде ірі көлемдегі тұтынушылық несиелерді белсенді түрде беру үрдісі орын алғанын Парламенттік тыңдауда мәлімдеді.

“Тұтынушылық несиелендірудің өсуіне, ең алдымен, халық сұранысының артуы да әсер етеді. Бұл тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеуге сұраныс, тұтынушылық несиелерді кәсіпкерлік мақсатта пайдалану мүмкіндігі”, – деп атап өтті агенттік басшысы.

Демек, жыл басынан бері кепілсіз тұтынушылық несиелер қарызы орташа есеппен 913 мың теңгеден       1 миллион теңгеге дейін артқаны байқалады. 5 миллион теңгеден асатын кепілсіз тұтынушылық несиенің үлесі қазірдің өзінде 12 пайызды құрады.

Осыған байланысты спикер тұтыну несиесінің шамадан тыс өсуін шектеудің қосымша шарасы ретінде агенттік заңнамалық деңгейде тұтынушылық кредиттің шекті көлеміне шектеу енгізуді ұсынып отырғанын айтты.

Жаңалықтармен бөлісу