Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлауына жол бермеу мақсатында «Балаларды қорғаңыздар – өздеріңізден бастаңыздар!» республикалық челледжін бастады.
Бұған еліміздің қалаларындағы жазатайым оқиғалардың өсуі себеп болды. 2024 жылдың басынан бастап «112» шұғыл нөміріне тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлағаны туралы 152 хабарлама келіп түсті. Салдарынан оқиға орнында 16 бала қайтыс болып, қалған 136-ы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Тек жазғы кезеңнің өзінде ҚР ТЖМ ТЖ министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы 108 жазатайым оқиғаны тіркеді. Көп таралған себептерінің бірі – балаларды ата-аналарының қарауынсыз қалдыру. Бұл жағдайда заманауи терезелерге орнатылған москиттік торлар ең үлкен қауіп тудырып отыр.
Күн жылынғаннан бері ведомствоның аумақтық бөлімшелері өз жұмыстарын күшейткенін атап өткен жөн. Көпбалалы отбасылардың пәтерлерінде Қазақстан ТЖМ құтқарушылары терезелерге үш мыңнан астам бұғаттау құрылғысын орнатты.
Құтқарушылар «Өзіңнен баста!» ведомстволық челленджі аясында осындай арнайы құлыптау механизмін үлгі ретінде өз үйлеріне де орнатты. 20 аумақтық бөлімшенің қызметкерлері осы процесті көрсете отырып, халықты оқытты.
Енді ТЖМ бұл челленджді Оқу-ағарту министрлігіне тапсырады!
Балаларды қорғаңыздар – біз үшін әрбір өмір маңызды!